Домой

Қызылорда, 2011ж




НазваниеҚызылорда, 2011ж
страница6/43
Дата10.02.2013
Размер6.39 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қарапайым математикалық түсініктер тақырыбына математикалық объектілерді оқытуға практикалық негіз болатын материалдар шоғырланған. 1-сынып математикасының алғашқы сабақтарында қарапайым математикалық түсініктер: оңға, солға, нешінші?, жоғары-төмен, биік-аласа, бірдей-әртүрлі, ұзындықты өлшеу, артық, кем, сонша, сызықтар, нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді, т.б. жөнінде ұғым қалыптастырылады.

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.

4б.Пәннің атауы: Шағын комплектілі мектепте математиканы оқыту әдістемесі

Пререквизиттер: Әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты ауыл мектептерінде, шағын комплектілі мектептерде бірнеше пәнмен қатар өткізілетін математиканың теориясы мен технологиясы пәні. Есептер шығарудың алгоритмдерін фокустер, жұмбақтар, ребустар және оларды пайдалану жолдарын қарастырады. Математикалық есептерді шығаруда логикалық және ойындар пайдалану ерекшеліктері басты назарға алынады.

Постреквизиттер: Бұл пән мамандық бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту процесіндегі өзгешеліктерді, мұғалім ескеруге тиісті артықшылықтар мен кемшіліктерді ескеру барысында оқушыларға білім беру.

Шағын комплектілі мектепте оқытылған математика пәндері негізінде оқытылады. Бастауыш курс математикасындағы мәтіндік есептерді оқытудағы білімді, теңдеулерді, теңсіздіктерді салудағы амалдар қолдану ерекшеліктерін меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сабақ кестесі, тәжірибеде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер, оқытуды тиімді ұйымдастыру, шағын жинақталған бастауыш сыныптағы сабақ, сыныптан тыс жұмыстар, тақырыптық жоспар ерекшеліктері

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.


5а.Пәннің атауы: Логикалық есептер шығару әдістемесі

Пререквизиттер: Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер курсының теориясы мен технологиясын пайдалана отырып, логикалық есептер, бастауыш сыныптарда оқытылатын математика пәндерінен алған ұғымдарына негізделеді. Математикалық қағидалар мен ережелерді меңгертуін қарастырылады.

Постреквизиттер: Бұл пән 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне логикалық есептердің түрлерімен танысуға және бастауыш мектеп математика оқулығында көрсетілген логикалық есептерді талдау және кеңейе түсу бағытындағы шығармашылық потенциалын көтеруге ықпал етеді.

Студенттердің кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешу үшін қажет болатын логикалық білімімен және дағдыларымен қалыптастыру.Практика жүзінде 1-4 сынып оқулықтарындағы шығармашылық есептерді талдау. Логикалық есептердің мән мағынасын ашу. Сиқырлы шаршыларды толтыру. Жұмбақ, өлең-жұмбақтарды шешу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Орындалуға міндетті болып саналмайтын, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандарты емес жаттығулар, сөз жұмбақтар, математикалық фокустар.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

5б.Пәннің атауы: Текстілі есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Пререквизиттер: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» және «Математиканың бастауыш курс негіздері» пәндерінен алған білімдерін өз бетімен тереңдете оқуға арналған пән. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Постреквизиттер: Мәтінді есептермен жұмыс жасауға үйрету, білім мен дағдыларын қалыптастыруға арналған мәтінді есептерді талдауды оны шығару жолдарын үйренеді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ой-өрісін дамытып, шығармашылық потенциалын арттырады.

Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды ролі. Есепті шешу процесі және оның кезеңдері. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Есептің жаңа түрлерін, сондай-ақ есепті шығарудың жаңа тәсілдері, мәтінді есептердің түрлері. Арифметикалық және Алгебралық тәсілдер. Кері есеп және оны құрастыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.


6а.Пәннің атауы: Мәтінге тілдік талдау әдістемесі

Пререквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі», «Көркем шығарманы лингвистикалық талдау», «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәндерінен байланыста оқытылып, бұл пәннен алған әдебиет теориясы негізгі ұғымдары туралы, білімдері, әдебиеттің тектері туралы түсінік, шығарманың идеялық-тақырыптық негіздерін бөліп көрсете алу дағдылары көркем шығарманы талдауда қолданылады.

Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазіргі әдеби процесс», «Жас ерекшелік психологиясы», «Дидактика» пәндерінде жалғасын табатын бұл пәнді оқыту тілмен (студенттердің ауызша, жазбаша, әлеуметтік жағдай) әдеби ағымдар мен бағыттардың көркем сөз өнерінің даму пәндерін, музыка пәнімен байланысты оқытылады.

Мәтінді тілдік талдаудың басқа талдау үлгілерінен ерекшелігі. Мәтінді тілдік талдау әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері. Мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі, оның басты тәсілдері мен принциптері. Жалпы тілдік құбылыстар мен автордың жеке қолданыс ерекшелігі туралы түсінік. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп беру әдістері. Мәнерлеп оқу материалдары бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар. Әңлімелеп беру әдістемесі. Көркем мәтінді лексикологиялық стилистикалық талдау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мәтін жөнінде түсінік. Мәтінді тілдік талдаудың басқа талдау үлгілерінен ерекшелігі. Мәтіндегі көркемдегіш құралдар. Шығарманың текстік, жанрлық сипаты, тегі, жанры әртүрлі шығармаларды, оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынас білдіріп, мәнерлеп оқу.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

6б.Пәннің атауы: Мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: «Балалар әдебиеті», «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы», «Әдебиеттану» пәндерінен алған білімдерге сүйеніп, «Әліппе», «Ана тілім» оқу пәндерін оқыту әдіс-тәсілдерін, принциптерін, мазсұны мен жүйесін, оқулыққа енген көркем шығармаларды авторлар туралы дерек-түсінік береді.

Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Этнопедагогика», «Психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Балалар әдебиеті» пәндермен байланысты оқытылып, әдебиеттік оқудың әдістемесін, әдебиеттік оқу топтамасын әдебиеттік оқуға қойылатын талаптарды, оқу дағдысына сипаттама.

Әдебиеттік оқу- балаларды адамгершілікке, еңбекке, эстетикаға тәрбиелеу құралы. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу. Саналы оқу. Саналы оқуға үйрету әдістемесі. Дұрыс оқу. Оқу барысында кездесетін қателердің түрлері. Дұрыс оқуға үйрету әдістемесі. Шапшаң оқу. Шапшаң оқуға үйрету жұмысының әдістемелік тәсілдері. Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп сөйлеу құралдары. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету жұмысының әдісі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Дауыс сазы, интонация, дикция, сөйлеу қарқыны. Әңгімелеп беру әдістері. Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жасаудың әдеби психолого-педагогикалық негіздері. Мәнерлеп оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.


3 курс (жеделдетілген)



Циклы

ТК №



Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК3102

а) Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

б) Тіл дәлдігі мен сөйлеу мәдениеті

Ерназарова Г.

2

6

2




ТК3204

а) Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

б) Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту

Мамедалиева Б.

2

5

3




ТК3205

а) Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

б) Ауызекі сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігі


Қойшыбаев М.

2

6

4




ТК3108

а) Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі

б) Көркем жазуға үйрету әдістемесі

Әбуова А.

2

5

5

КП

ТК3202

а) Логикалық есептер шығару әдістемесі

б) Текстілі есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Есенбаев Т.


1

5

6




ТК3203

а) Мәтінге тілдік талдау әдістемесі

б) Мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі

Әбуова А.

3

5

7




ТК3204

а) Дүниетанудан дидактикалық материалдар жасау әдістемесі

б) Табиғи материалдардан көркем композиция жасау

Жидебаев А.

1

5

8




ТК3205

ә) Қазақ тілінен көрнекілік жасау әдістемесі

б) Ою-өрнек түрлерімен апликация жасау әдістемесі

Жидебаев А.

1

5

9




ТК3206

а) Математикадан дидактикалық материалдар жасау әдістемесі

б) Ортогональ проекциясы арқылы қарапайым заттардың моделін жасау

Мамедалиева Б.

1

5


1а.Пәннің атауы: Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, мемлекеттік іс-қағаздары. Қазақ тілінің стильдер жүйесі туралы мәлімет. Қазіргі қазақ тілінің фонетика, лексикология, морфология, синтаксис, сөзжасам салаларының жүйесі мен құрылымы.

Постреквизиттер: Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын сауатты орфографиялық нормаға сай жазуға үйретеді. Арыз, шағым, түсініктеме, тағы басқа іс-қағаздарының үлгілерін жазба түрінде дайындату арқылы практикада машықтандырады.

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу курсы бойынша жазылым дағдысын қалыптастыру, жиі қолданылатын синтаксистік құрылымдар мен сөз орамдарын меңгертуді көздейді. Ұйымдық-алқалық іс-қағаздары мен жеке іс-қағаздарының жазылу үлгілерін меңгерту. Өмірбаян, резюме, мінездеме, өтініш, сұраныс, сенімхат, ресми хат түрлерінің, қызметтік хаттар, ұсынысхат, өтінішхат түрлерінің, хаттаманың жазылу үлгілерін меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу барысында орфографиялық норманы ескере отырып, сауатты, білімді жазуға дағдыландыру, терең білім алу негізінде мәнерлі жазуға үйрету

Бағдарламаның жетекшілері: Ерназарова Г.

1б.Пәннің атауы: Тіл дәлдігі мен сөйлеу мәдениеті

Пререквизиттер: Тіл білімі негіздері. Сөз өнері. Тіл білімі негіздері арқылы нақты тілдік дәлелдер, ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениетін қарастырады. Грамматикалық сөзді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем құрау нормаларын сақтау.

Постреквизиттер: Әдеби тілдің ауызша, жазуша нормаларын, екпінді дұрыс қою, сөз қолдану, грамматика, стилистика ережелерін сақтау, игеру, сондай-ақ сөйлеу мәдениеті жағдайында айтайын деген ойдың мақсаты мен мазмұнына сай келетін тілдің мәнерлеу тәсілдерін қолдана білу.

Сөз мәдениеті туралы ұғым. Орфоэпиялық норма (дұрыс айту, дыбысталу заңдылықтары, сөз сазы). Лексикалық норма (сөзді дұрыс таңдап, орнымен жұмсау). Грамматикалық сөзді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем құрау нормаларын сақтау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Тілдің дәлдігі мен сөйлеу мәдениетін меңгеру барысында екпін, сөз қолдану, грамматика ерекшеліктерін меңгертуге үйрету.

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.


2а.Пәннің атауы: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Пререквизиттер: Мектепке алғаш келген баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау. Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын айқындау, жүйелеу және толықтыру. Мәтінді есептер мектепте оқытылған математика пәндері негізінде оқытылады. Бастауыш курс математикасындағы мәтіндік есептерді оқытудағы білімді, теңдеулерді, теңсіздіктерді салудағы амалдар қолдану ерекшеліктерін меңгерту.

Постреквизиттер: Бұл пән 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, 1-сынып оқушыларын математиканы оқытуға дайындаудағы қажетті шарт болып табылады.

1 сынып математикасын оқытып үйретудің өзіндік ерекшеліктері. Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыруды ұйымдастырудың формалары, әдіс-тәсілдері. 1 сыныпта қарапайым математикалық түсініктерді оқыту міндеттері. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ұйымдастыру міндеттері. Сызықтар, нүкте, сәуле, бұрыш. Кесінді және оны сызу, ұзындығын өлшеу. Бөліктерге бөлу және оны құрастыру жөнінде қарапайым түсініктерді қалыптастыру және оны оқыту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қарапайым математикалық түсініктер тақырыбына математикалық объектілерді оқытуға практикалық негіз болатын материалдар шоғырланған. 1-сынып математикасының алғашқы сабақтарында қарапайым математикалық түсініктер: оңға, солға, нешінші?, жоғары-төмен, биік-аласа, бірдей-әртүрлі, ұзындықты өлшеу, артық, кем, сонша, сызықтар, нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді, т.б. жөнінде ұғым қалыптастырылады.

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.

2б.Пәннің атауы: Шағын комплектілі мектепте математиканы оқыту әдістемесі

Пререквизиттер: Әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты ауыл мектептерінде, шағын комплектілі мектептерде бірнеше пәнмен қатар өткізілетін математиканың теориясы мен технологиясы пәні. Шағын комплектілі мектепте оқытылған математика пәндері негізінде оқытылады. Бастауыш курс математикасындағы мәтіндік есептерді оқытудағы білімді, теңдеулерді, теңсіздіктерді салудағы амалдар қолдану ерекшеліктерін меңгерту.

Постреквизиттер: Бұл пән мамандық бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту процесіндегі өзгешеліктерді, мұғалім ескеруге тиісті артықшылықтар мен кемшіліктерді ескеру барысында оқушыларға білім беру.

Шағын комплектілі мектепте оқытылған математика пәндері негізінде оқытылады. Бастауыш курс математикасындағы мәтіндік есептерді оқытудағы білімді, теңдеулерді, теңсіздіктерді салудағы амалдар қолдану ерекшеліктерін меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сабақ кестесі, тәжірибеде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер, оқытуды тиімді ұйымдастыру, шағын жинақталған бастауыш сыныптағы сабақ, сыныптан тыс жұмыстар, тақырыптық жоспар ерекшеліктері

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.


3а.Пәннің атауы: Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

Постреквизиттер: Қазақ халқының шешендік сөздерін дәріптеу және шешендік толғаудың тәлімдік және тәрбиелік мәнін ғылыми-теориялық негізде үйрету.

Шешендік өнердің тарихынан мәлімет. Көне дәстүрдегі шешендік өнердің дамуы. Орта ғасырдағы шешендік өнердің дамуы. Қазақтың дәстүрлі сөз өнері. Шешендік сөз түрлері. Шешеннің сөйлеу мәдениеті. Функционалдық стильдер. Сөйлеудің логикалық қызметін ұйымдастыру. Логикалық ойлау әдістері. Дәлелдеме, оның құрылымы. Сөйлеудің құрылымы. Сөйлеушінің психологиялық, педагогикалық мәдениеті. Тыңдаушылардың әсерлеушілігін оятудың әдіс-тәсілдері. Сөйлеу техникасы. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық. Библиографиялық әдебиеттерді құрастыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде оқытудың және шешендік өнердің тарихымен, шешендік сөздердің түрлерін таныстыра отырып, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.

3б.Пәннің атауы: Ауызекі сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігі

Пререквизиттер: Халық ауыз мәдениетінің бай мұраларын үйрету. «Сөз өнері», «Қазіргі қазақ тілі» пәндерін байланыстыру арқылы сөз мәдениетін қалыптастыру.

Постреквизиттер: «Сөз өнері», «Қазақ тілі», «Шшендік өнер» пәндерін байланыстыру арқылы бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми теориялық негіздері, қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Сөз мәдениеті туралы ұғым. Орфоэпиялық норма, грамматикалық норма. Орфографиялық норма. Сөйлеудің қысқалығы. Сөйлеудің дәлдік пен анықтық. Сөз байлығы. Сөйлеудің бейнелі құралдары. Сөйлеу мәнерлілігінің бейнелі құралдары. Ауызша іскерлік сөз мәдениеті. Жазбаша іскерлік сөйлеу мәдениеті.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Халықтың ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, халық даналарының сөздерін жан-жақты дәріптеу және болашақ ұрпақтың сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігін жетілдіру

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.


4а.Пәннің атауы: Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Бастауыш сыныпта жазуға үйрету кезеңдері. Графикалық- каллиграфиялық жазу дағдысын жетілдіру. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың шығуы, анықтамасы. Алфавиттік жазу тарихы. Қазақ алфавиті. Бастауыш сынып оқушыларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.. Жазу процесінде жаттығудың алатын орны, көлемі, мазмұны. Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың анықтамасы. Қазіргі қазақ алфавиті. 1 сынып оқушыларының жазу дағдысы. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысы. Жазу дағдыларына машықтандыру

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

4б.Пәннің атауы: Көркем жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Бастауыш сыныпта жазуға үйрету кезеңдері. Графикалық- каллиграфиялық жазу дағдысын жетілдіру. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Каллиграфия. Әріптердің тіркесуі. Жазуға үйретудің кезеңдері. Бас әріптер, кіші әріптер. Қазіргі әріп элементтері. Бір вариантты және тұрақты әріптер. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар, бағалау. Дәптерге қойылатын талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар. Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері. Жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жағына сипаттама. Әріп кескіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.


5а.Пәннің атауы: Логикалық есептер шығару әдістемесі

Пререквизиттер: Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер курсының теориясы мен технологиясын пайдалана отырып, логикалық есептер, бастауыш сыныптарда оқытылатын математика пәндерінен алған ұғымдарына негізделеді.

Постреквизиттер: Бұл пән 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне логикалық есептердің түрлерімен танысуға және бастауыш мектеп математика оқулығында көрсетілген логикалық есептерді талдау және кеңейе түсу бағытындағы шығармашылық потенциалын көтеруге ықпал етеді.

Студенттердің кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешу үшін қажет болатын логикалық білімімен және дағдыларымен қалыптастыру.Практика жүзінде 1-4 сынып оқулықтарындағы шығармашылық есептерді талдау. Логикалық есептердің мән мағынасын ашу. Сиқырлы шаршыларды толтыру. Жұмбақ, өлең-жұмбақтарды шешу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Орындалуға міндетті болып саналмайтын, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандарты емес жаттығулар, сөз жұмбақтар, математикалық фокустар.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Поиск по сайту:



База данных защищена авторским правом ©dogend.ru 2014
При копировании материала укажите ссылку
обратиться к администрации
Уроки, справочники, рефераты