Домой

Қызылорда, 2011ж




НазваниеҚызылорда, 2011ж
страница5/43
Дата10.02.2013
Размер6.39 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Постреквизиттер: «Жас ерекшелік психологиясы», «Дидактика», «Педагогика», «Жазуға үйретудің педагогикалық, психологиялық негіздері» пәндерінде жалғасатын білім мазмұны сауат ашу әдістемесі, оқу-жазуға үйрету жолдарын, «әліппе» оқулығының оқу-әдістемелік кешені, шығармашылық жұмыс түрлерін көрнекіліктер жасау, сабақ жоспарларын жасауды үйретуді көздейді.

Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы. Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі. Сауат ашу әдістемесінің психофизиологиялық негізі. Бірінші сыныптағы оқушылардың бастапқы оқи бастау кезіндегі ерекшеліктер. Оқу, жазуға механизміне сипаттама. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және оның графикасы. Фонетика мен графиканың негізгі және қиын мәселелерін түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, буындық, дәстүрлік, дыбыстық принциптер. Қазақ тіліндегі буын, буынға бөлу, буындардың жуан, жіңішкелігі, қос дыбыс естілген әріптер, фонетикалық-орфоэпиялық қателер, олардың себептері.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сауат ашу әдістемесінің негізгі мәселелері, «Әліппе», «Әліппеден кейінгі» кезең, «Әліппе» оқулығының құрылысы, мазмұны, сабақ үлгілері. Сауат ашу әдістемесінің проблемалары, оқу мен жазуға қатар үйрету, сауат ашу кезеңіндегі оқу тәрбие міндеттері. «Әліппенің» мазмұны мен әдістемесі, бастапқы оқуға, жазуға үйрету жолдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

1б.Пәннің атауы: Тіл ұстарту

Пререквизиттер: «Балалар әдебиеті», «Қазіргі қазақ тілі», «Жас ерекшелік физиологиясы», «Жас ерекшелік психологиясы», «Дидактика», «Педагогика», «Тәрбие жұмысының әдістемесі» пәндері негізінде оқытылып, сауат ашу және тіл дамыту, Оқу және тіл дамыту, Грамматика және тіл дамыту, тараулары бойынша қарастырылатын білім мазмұнында тіл дамыту әдістемесінің жүйесіндегі синтаксистік, лексикалық жұмыстары қарастырылады.

Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы», «Қазіргі әдеби ағым», «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі».пәндерімен ұштасатын пәнді оқыту мазмұнында сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі, байланыстыру сөйлеу және оны дамыту міндеттері.

Тіл дамыту әдістемесі. Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Тіл дамыту- бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу- оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. Тіл дамыту- тәрбиелеу құралы. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Лексикология- сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Сауат ашу және тіл дамыту», «Оқу және тіл дамыту», «Грамматика және тіл дамыту», «Байланыстырып сөйлеу». «Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығулары», «Ресми сөйлеу жұмысының әдістемесі», «Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс-қағаздарын жүргізу».

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.


2а.Пәннің атауы: Шағын комплектілі мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесі

Пререквизиттер: «Педагогика», «Тәрбие теориясы», «Төменгі сыныптарда жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесі», «Әлеуметтік педагогика», «Педагогикалық менеджмент», «Психология», «Жас ерекшелік педагогикалық психология». Педагогикалық біліктілік – іс-әрекеттің барлық түрін әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыру. Тәрбиенің ғылыми негіздерімен қаруландыру.

Постреквизиттер: Шағын комплектілі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту әдістемесі. Педагогиканың жалпы негіздері. Әлеуметтік психология, психологиялық менеджмент, Балалар әдебиеті.

Шағын комплектілі бастауыш мектептердің пайда болуы және мүмкіндіктері. Шағын комплекті мектептердегі оқушыларға адамгершілік тұрғыда дамуының ерекшеліктері. Шағын комплекті бастауыш мектептерде оқу-тәрбие процесін үйлестіру. Шағын комплекті мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері. Шағын комплекті бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар. Шағын комплекті бастауыш мектептерде оқушыларға көрнекіліктерді қолданудың тиімділігі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік дайындығының маңызды жақтарының бірі- шағын комплекті мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру. Сабақта оқушылардың өзара іс-әрекетін басқару, шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқушыларға көрнекіліктерді қолданудың тиімділігін жасау, балалардың ойын әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін бағалау.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқмырзаева Г.Е.

2б.Пәннің атауы: Бастауыш мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Пререквизиттер: «Тәрбие теориясы», «Төменгі сыныптарда жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Дидактика», «Отбасы тәрбиесінің теориясы мен технологиясы», «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі». Педагогикалық біліктілік – іс-әрекеттің барлық түрін әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыру. Тәрбиенің ғылыми негіздерімен қаруландыру.

Постреквизиттер: «Педагогика тарихы», «Әлеуметтік педагогика», «Педагогикалық менеджмент», «Педагогикалық шеберлік».

Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы. Сыныптан тыс тәрбиелеу жұмысының формалары. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау. Тәрбие жұмысының түрлері. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. Тәрбие жұмыстарын тәрбиелеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бастауыш мектепте сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың міндеттерімен, оларға қойылатын талаптармен, оны сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесімен таныстыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқмырзаева Г.Е.

3а.Пәннің атауы: Бастауыш сыныпта мәтін есептермен жұмыс жүргізу әдістемесі

Пререквизиттер: Мәтінді есептер мектепте оқытылған математика пәндері негізінде оқытылады. Бастауыш курс математикасындағы мәтіндік есептерді оқытудағы білімді, теңдеулерді, теңсіздіктерді салудағы амалдар қолдану ерекшеліктерін меңгерту.

Постреквизиттер: Мәтінді есептерді оқыту әдістемесі курсы математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәнімен тығыз байланысты.

Мәтінді есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды ролі. Есепті шешу процесі және оның кезеңдері. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бұл пән 050102- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін мәтінді есептер түрлерімен таңдауға бастауыш сыныптағы математика оқушыларға есептерді талдап, өз бетінше тереңдете және кеңейте түсу бағытындағы білімдер беріледі.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

3б.Пәннің атауы: Қызықты математика

Пререквизиттер: Қызықты математика бастауыш мектептерде жүргізілетін математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар басшылыққа алынады. Есептер шығарудың алгоритмдерін фокустер, жұмбақтар, ребустар және оларды пайдалану жолдарын қарастырады. Математикалық есептерді шығаруда логикалық және ойындар пайдалану ерекшеліктері басты назарға алынады.

Постреквизиттер: Қызықты математика курсы бойынша, студент бастауыш сыныптарда математикалық кештер, математикалық бұрыштар, олимпиадалар, конкурстар жүргізу технологиясымен үйренеді.

Логикалық және жұмбақ есептерді шығару технологиясын үйренеді. Халық есептерінің түрлерімен танысып, шығару технологияларымен танысады. Математикалық фокустардың түрлері және оны пайдалану технологиясын үйренеді. Топологиялық есептермен танысады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қызықты математика курсы. Математикалық білімін, дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі математикалық викториналар, сөзжұмбақтар және фокустар жүргізу технологияларынан тұрады.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т

.

4а.Пәннің атауы: Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Бастауыш сыныпта жазуға үйрету кезеңдері. Графикалық- каллиграфиялық жазу дағдысын жетілдіру. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың шығуы, анықтамасы. Алфавиттік жазу тарихы. Қазақ алфавиті. Бастауыш сынып оқушыларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.. Жазу процесінде жаттығудың алатын орны, көлемі, мазмұны. Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың анықтамасы. Қазіргі қазақ алфавиті. 1 сынып оқушыларының жазу дағдысы. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысы. Жазу дағдыларына машықтандыру

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

4б.Пәннің атауы: Көркем жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Бастауыш сыныпта жазуға үйрету кезеңдері. Графикалық- каллиграфиялық жазу дағдысын жетілдіру. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Каллиграфия. Әріптердің тіркесуі. Жазуға үйретудің кезеңдері. Бас әріптер, кіші әріптер. Қазіргі әріп элементтері. Бір вариантты және тұрақты әріптер. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар, бағалау. Дәптерге қойылатын талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар. Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері. Жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жағына сипаттама. Әріп кескіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

3 курс



Циклы

ТК №



Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК3202

а) Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

б) Ауызекі сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігі


Қойшыбаев М.

3

5

2




ТК3203

а) Шағын комплектілі мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесі

б) Отбасы тәрбиесінің теориясы мен технологиясы

Тоқмырзаева Г.Е.

3

5

3




ТК3204

а) Мектеп әндерінің репертуарын үйрету

б) Қазақ халық композиторларының шығармашылығын оқыту

Сералиев А.

3

5

4




ТК3205

а) Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

б) Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту

Мамедалиева Б.

3

6

5

КП

ТК3302

а) Логикалық есептер шығару әдістемесі

б) Текстілі есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Есенбаев Т.


3

6

6




ТК3303

а) Мәтінге тілдік талдау әдістемесі

б) Мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі

Әбуова А.

4

6


1а.Пәннің атауы: Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Шешендік өнерге үйрету әдістемесі. Балалар әдебиеті пәні негізінде оқытылып батырлар жыры, жұмбақтар, мақалдар жөнінде мәліметтер алынды. Сөйлеудің құрылымы. Сөйлеушінің психологиялық, педагогикалық мәдениеті. Тыңдаушылардың әсерлеушілігін оятудың әдіс-тәсілдері.

Постреквизиттер: Қазақ халқының шешендік сөздерін дәріптеу және шешендік толғаудың тәлімдік және тәрбиелік мәнін ғылыми-теориялық негізде үйрету.

Шешендік өнердің тарихынан мәлімет. Көне дәстүрдегі шешендік өнердің дамуы. Орта ғасырдағы шешендік өнердің дамуы. Қазақтың дәстүрлі сөз өнері. Шешендік сөз түрлері. Шешеннің сөйлеу мәдениеті. Функционалдық стильдер. Сөйлеудің логикалық қызметін ұйымдастыру. Логикалық ойлау әдістері. Дәлелдеме, оның құрылымы. Сөйлеудің құрылымы. Сөйлеушінің психологиялық, педагогикалық мәдениеті. Тыңдаушылардың әсерлеушілігін оятудың әдіс-тәсілдері. Сөйлеу техникасы. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық. Библиографиялық әдебиеттерді құрастыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде оқытудың және шешендік өнердің тарихымен, шешендік сөздердің түрлерін таныстыра отырып, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.

1б.Пәннің атауы: Ауызекі сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігі

Пререквизиттер: Халық ауыз мәдениетінің бай мұраларын үйрету. «Сөз өнері», «Қазіргі қазақ тілі» пәндерін байланыстыру арқылы сөз мәдениетін қалыптастыру. Қазақ тілі, Балалар әдебиеті, Тіл білімі негіздері арқылы білім алдыру.

Постреквизиттер: «Сөз өнері», «Қазақ тілі», «Шшендік өнер» пәндерін байланыстыру арқылы бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми теориялық негіздері, қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Сөз мәдениеті туралы ұғым. Орфоэпиялық норма, грамматикалық норма. Орфографиялық норма. Сөйлеудің қысқалығы. Сөйлеудің дәлдік пен анықтық. Сөз байлығы. Сөйлеудің бейнелі құралдары. Сөйлеу мәнерлілігінің бейнелі құралдары. Ауызша іскерлік сөз мәдениеті. Жазбаша іскерлік сөйлеу мәдениеті.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Халықтың ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, халық даналарының сөздерін жан-жақты дәріптеу және болашақ ұрпақтың сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігін жетілдіру

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.


2а.Пәннің атауы: Шағын комплектілі мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесі

Пререквизиттер: «Педагогика», «Тәрбие теориясы», «Төменгі сыныптарда жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесі», «Әлеуметтік педагогика», «Педагогикалық менеджмент», «Психология», «Жас ерекшелік педагогикалық психология». Педагогикалық біліктілік – іс-әрекеттің барлық түрін әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыру. Тәрбиенің ғылыми негіздерімен қаруландыру.

Постреквизиттер: Шағын комплектілі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту әдістемесі. Педагогиканың жалпы негіздері. Әлеуметтік психология, психологиялық менеджмент, Балалар әдебиеті.

Шағын комплектілі бастауыш мектептердің пайда болуы және мүмкіндіктері. Шағын комплекті мектептердегі оқушыларға адамгершілік тұрғыда дамуының ерекшеліктері. Шағын комплекті бастауыш мектептерде оқу-тәрбие процесін үйлестіру. Шағын комплекті мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері. Шағын комплекті бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар. Шағын комплекті бастауыш мектептерде оқушыларға көрнекіліктерді қолданудың тиімділігі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік дайындығының маңызды жақтарының бірі- шағын комплекті мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру. Сабақта оқушылардың өзара іс-әрекетін басқару, шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқушыларға көрнекіліктерді қолданудың тиімділігін жасау, балалардың ойын әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін бағалау.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқмырзаева Г.Е.

2б.Пәннің атауы: Отбасы тәрбиесінің теориясы мен технологиясы

Пререквизиттер: «Тәрбие теориясы», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі». Болашақ мұғалімдердің іздену – зерттеу іс-әрекетіне бейімділігін дамыту. Педагогикалық біліктілік – іс-әрекеттің барлық түрін әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыру. Тәрбиенің ғылыми негіздерімен қаруландыру.

Постреквизиттер: «Этнопедагогика», «Дидактика», «Төменгі сыныпта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі», «Педагогика тарихы», «Әлеуметтік педагогика», «Педагогикалық менеджмент», «Педагогикалық шеберлік».

Отбасы тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Үй-ішілік тәрбие. Ата-әже тәрбиесі. Халықтық педагогикадағы от басы тәрбиесі. Шығыс ойшылдарының отбасы тәрбиесі туралы ойлары. Отбасы және неке. Отбасының типтері. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Отбасы тәрбиесінің негіздері, принциптері, мақсат-міндеттері, үйішілік тәрбие, отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері, отбасы және заң, мектеп пен отбасының байланысы.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқмырзаева Г.

3а.Пәннің атауы: Мектеп әндерінің репертуарын үйрету

Пререквизиттер: Мектеп әндерінің репертуарларын үйрету, музыка оқу құралындағы балалар композиторларының әндерін үйрету болып табылады. Ән репертуарларын үйрету барысында аспапты пайдалану (фортепиано, баян, домбыра) жақсы жетістіктерге жету қарастыралады. Ән репертуарлары әр тақырыпқа құрылып, мазмұны мен орындалу ерекшігіне сай бөлінеді. Мектепте ән репертуарын үйрету, олардың жан-жақты білімін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.

Постреквизиттер: Мектеп әндерінің репертуарларын үйрету пәні мектеп көлеміндегі үйретілетін балалар композиторларының әндерінің бағдарлама бойынша үйрету жолға қойылады. Осы пән арқылы ұлтжандылыққа, адамгершілікке, достық қарым-қатынастыққа, ата-анаға деген сүйіспеншілікке, мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру іске асады.

Вокалдық және аспаптық бағытта жүргізіледі. Әнді вокалдық негізде таза айту аспапта қоса орындау студенттің қанағат сезімін туғызады. Әрбір әннің қиындығы, ондағы ырғақтың-интонациялық кірімдер жете меңгерілуі тиіс. Сонымен қатар әннің сөзіне талдау композитор жөніндегі мәліметьтер жинақтау қажет болады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Курс барысында Ш.Кульманованың бастауыш мектептерге арналған оқу құралындағы (хрестоматия) әндерді үйрету жолға қойылады.

Бағдарламаның жетекшілері: Сералиев А.

3б.Пәннің атауы: Қазақ халық композиторларының шығармашылығын оқыту

Пререквизиттер: Қазақ халық сазгерлерінің шығармаларын оқыту мектеп көлемінде өтіліп олардың шығармаларымен танысу жолға қойылады. Қазақ халқының композиторлары Ә.Еспаев, Е.Хасанғалиев, И.Нүсіпбаев, Ө.Байділдаев, Б.Ғизатов шығармаларын үйрету қарастырылған. Олардың әр жанрдағы шығармаларын үйрену басты мақсат болып табылады.

Постреквизиттер: Мектептегі бағдарпламаға сәйкес берілген қазақ композиторларының шығармаларын, әндерін үйрене отырып, оны шығарған сазгерлердің еңбектеріне кеңінен тоқтау жұмысы қаралады.

Қазақ халқы қанша заманнан бері қалыптасқан ән-жырын, музыкасын кейінгі ұрпаққа мұра етіп келеді. Біз білетін Қорқыт күйлерінен бастау алатын қазақ музыкасы қазіргі ұрпаққа алшынның сынығындай жетті. Ұлттық дәстүрімізді жас ұрпақ бойына бірте-бірте сіңіріп, олардың рухани сана-сезімін оятуда. Музыка өнерінің берері мол.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Композиторларының шығармаларының өміршеңдігін, оларды мектеп көлемінде үйрету арқылы музыка деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі қаралады.

Бағдарламаның жетекшілері: Сералиев А.


4а. Пәннің атауы: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Пререквизиттер: Мектепке алғаш келген баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау. Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын айқындау, жүйелеу және толықтыру. Есептер шығарудың алгоритмдерін фокустер, жұмбақтар, ребустар және оларды пайдалану жолдарын қарастырады. Математикалық есептерді шығаруда логикалық және ойындар пайдалану ерекшеліктері басты назарға алынады.

Постреквизиттер: Бұл пән 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, 1-сынып оқушыларын математиканы оқытуға дайындаудағы қажетті шарт болып табылады.

1 сынып математикасын оқытып үйретудің өзіндік ерекшеліктері. Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыруды ұйымдастырудың формалары, әдіс-тәсілдері. 1 сыныпта қарапайым математикалық түсініктерді оқыту міндеттері. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ұйымдастыру міндеттері. Сызықтар, нүкте, сәуле, бұрыш. Кесінді және оны сызу, ұзындығын өлшеу. Бөліктерге бөлу және оны құрастыру жөнінде қарапайым түсініктерді қалыптастыру және оны оқыту.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Поиск по сайту:



База данных защищена авторским правом ©dogend.ru 2014
При копировании материала укажите ссылку
обратиться к администрации
Уроки, справочники, рефераты