Домой

Қызылорда, 2011ж




НазваниеҚызылорда, 2011ж
страница4/43
Дата10.02.2013
Размер6.39 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


Бағдарламаның қысқаша курсы: Пәнді оқытудың мақсаты – қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылымында адамдар қарым-қатынасының теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше ізденуі мен кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру. Адамды іс-әрекет, таным қарым-қатынас субьектісі ретінде зерттеу үшін психологиялық білімдерді ғылыми негізде қолдана білуге дағдыландырады

Бағдарламаның жетекшілері: Абуова М.

3б.Пәннің атауы: Жалпы психология

Пререквизиттер: Жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология пәндерінде арнайы психологиялық зерттеу әдістері мен байқаулар негізінде болған теориялық білімдері мен тұлғаны практикалық тұрғыда меңгеру біліктілігі мен дағдысын бекітеді.

Постреквизиттер Жалпы психология ғылыми психологиялық білімдер негізін қалыптастырады. Жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесін оқытып үйретеді. Адамдар қарым-қатынасының теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінің дамуын зерттейді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жалпы психология арнайы психологиялықзерттеу әдістері мен байқаулар негізінде тұлғаны практикалық тұрғыдан меңгеру біліктілігі мен дағыдысын бекітеді. Жалпы психология курсы баланың дамуының психикалық табиғатын терең ғылыми негізде ұғындырады, психиканың табиғатын түсіндіреді.

Бағдарламаның жетекшілері Абуова М.

4а.Пәннің атауы: Қазіргі қазақ тілі

Пререквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі» пәнін оқытуда студенттер мектепте өтілген фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис курстарынан алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асады.

Постреквизиттер: «Бастауыш сыпыпта қазіргі қазақ тілі» пәні университет қабырғасында оқытылатын психология, педагогика, математика, философия пәндерімен сабақтастығын табады. Олардың мектепте алған білімдерін, ой өрістерін, философиялық көзқарастарын, дүниетанымының дамуына осы пәндерден алған білімдер көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Пәнді оқытудың мақсаты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының суденттерін оқушыларды сауатты оқуға, жазуға үйретудің қазіргі әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. Бірінші сынып оқушыларының дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін ашу, оны игеру мүмкіндіктерін қалыптастыру; лексика бөлімін меңгерту, сөздік қор, сөздік құрам түрлерін игеруін қалыптастыру; Сөзжасам, морфология бөлімдерін оқытуда кіші жастағы мектеп оқушыларын практикалық түрде үйлестіре білуге үйрету; Бастауыш сынып оқушыларын сауатты сөйлем құрауға, оны практика барысында талдау жасай білуге қалыптастыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М

4б.Пәннің атауы: Қызықты грамматика

Пререквизиттер: Грамматика. Қызықты грамматика пәнінде бастауыш сыныптарда грамматиканың бөліктерін түрлі ойындар арқылы өткізу. Атап айтсақ зат есімге байланысты, сын есім, сан есімге, етістікке байланысты ойын түрлерін пайдалану жолдарымен балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Постреквизиттер: Грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде қызықты грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық форма афикстер, дыбыстық алмасулар екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердің орындау тәртібі, интонация арқылы көрінеді.

Қызықты грамматика пәнінде бастауыш сыныптарда грамматиканың бөліктерін түрлі ойындар арқылы өткізу. Атап айтсақ зат есімге байланысты, сын есім, сан есімге, етістікке байланысты ойын түрлерін пайдалану жолдарымен балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Грамматикада тіл құрылысын, морфологиялық категориялар мен формалардан, синтаксистік категориялар мен конструкциялардан тұратын тіл жүйесін үйрету, тіл құрылысын меңгеруге машықтандыру.

Бағдарламаның жетекшілері Қойшыбаев М

5а.Пәннің атауы: Жаратылыстану негіздері

Пререквизиттер: «Жаратылыстану» пәнін оқытуда студенттер мектепте өтілген өсімдіктану, жануартану, география, адам анатомиясы пәндерінен алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асады.

Постреквизиттер: Қоршаған орта, бүкіл әлем туралы түсінік бере отырып, тірі ағзалардың тіршілік ортасымен тікелей байланысты өсіп дамитындығын ұғындыру; Тірі ағзалардың тіршілік ортасына қарай бейімділік, икемділіктері жайында түсінік беру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жер туралы негізгі ұғымдар; Тірі ағзалар туралы жалпы мәселелер. Биосфера. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Тірі ағзалардың тіршілік жағдайлары.

Бағдарламаның жетекшілері: Ерназаров А.

5б.Пәннің атауы: Айналамен таныстыру

Пререквизиттер: Ботаника, зоология, анатомия, жалпы биология. Айналамен таныстыру пәнін оқытуда қолданылатын оқытудың формалары: сабақ, топсаяхат және сыныптан тыс жұмыстар. Айналамен таныстыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық және көрнекілік.

Постреквизиттер: Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы, жасерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы, дүниетану негіздері, экология, педагогика.

Айналамен таныстыру пәнінің мақсаты мен міндеттері. Айналамен таныстыру пәнін оқытуда қолданылатын оқытудың формалары: сабақ, топсаяхат және сыныптан тыс жұмыстар. Айналамен таныстыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық және көрнекілік. Ойын және оның түрлері. Қоршаған орта және оны қорғау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Айналамен таныстыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Айналамен таныстыру» пәнін оқытудағы негізгі әдістер мен тәсілдер. Табиғатқа жүргізілетін бақылаулар.

Бағдарламаның жетекшілері: Ерназаров А.


6а.Пәннің атауы: Математиканың бастауыш курс негіздері

Пререквизиттер: Математиканың бастауыш курс негіздері пәні мектепте өтілген алгебра және геометрия пәндерінен алған білімдері негізінде оқытылады. Математиканың логикалық құрылымдарына негізделеді. Математикалық ережелер мен қағмдалар пайдаланылады.

Постреквизиттер Математиканың бастауыш курс негіздері пәні арқылы студенттер математиканың шығу тарихымен логикалық құрылымының заңдары мен қасиеттерін үйреніп шығады. Осы білімде жиын элементтері, логика элементтерін, ұғым, позициялық сандық санау жүйелері, геометрия элементтерін толығымен игеріп, олардың бастауыш негіздерін үйреніп шығады.

Есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды ролі. Есепті шешу процесі және оның кезеңдері. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бұл пән 050102- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін математиканың теориялық негіздерін және ұғымдардың анықтамаларын, қасиеттерін және заңдылықтарын өз бетінше тереңдете және кеңейте түсу бағытындағы білімдер беріледі.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

6б.Пәннің атауы: Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

Пререквизиттер: Оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, дидактикалық ойлауды математикалық дағдыларды дамыту. Математикалық білімдерін пайдалана отырып, есептер шығарудың алгоритмдерін фокустер, жұмбақтар, ребустар және оларды пайдалану жолдарын қарастырады. Математикалық есептерді шығаруда логикалық және ойындар пайдалану ерекшеліктері басты назарға алынады.

Постреквизиттер: Осы курстан соң студенттердің алатын білімдерінің түрлері: сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері; математикалық бұрыштардың материалдарын талдап жасау; математикалық кештер, математикалық бұрыштар, олимпиадалар, конкурстар жүргізу технологиясымен үйренеді.

Логикалық және жұмбақ есептерді шығару технологиясын үйренеді. Халық есептерінің түрлерімен танысып, шығару технологияларымен танысады. Математикалық фокустардың түрлері және оны пайдалану технологиясын үйренеді. Топологиялық есептермен танысады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Математикалық білімін, дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі математикалық викториналар, сөзжұмбақтар және фокустар жүргізу технологияларынан тұрады.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

7а.Пәннің атауы: Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы Пререквизиттер: «Жаратылыстану негіздері», өсімдіктану, жануартану, география, адам анатомиясы пәндерінен алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асады.

Постреквизиттер: Студенттерге биологиялық пәндер негізінен теориялық білім берумен қос болашақ мамандардың практикалық іс-әрекетін, біліктері мен педагогикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Қоршаған ортадан білім беруге қойылатын талаптарды жете түсіне отырып, ойлау қабілеттері мен сөйлеу шеберліктерін, шығармашылыққа жетелеу әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы- педагогикалық пән. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесінің даму тарихы. Оқыту әдістері мен тәсілдері. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формалары. Мектептің материалдық техникалық базасы. Шағын комплектілі мектептерде дүниетануды оқытудың ерекшеліктері.

Бағдарламаның жетекшілері: Жамансариева Л.

7б.Пәннің атауы: Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі

Пререквизиттер: Дүниетанудан дидактикалық материалдарды оқып-үйрену кезеңін жетілдіру. Әр түрлі материалдардан пән бойынша жасалынған дидактикалық материалдарды іске асыру. Көрнекілікте түр мен түс үйлесімін қолдану. Көрнекілікке субояу, қалам тущь, гуашь қолданып композициясын құру.

Постреквизиттер: Дүниетанудан дидактикалық материалдарды жасау, дайындық әдістемелігін сабақ барысында жүргізу, оны (өндіріске енгізу) сабаққа пайдалану. Әр түрлі насекомдарға арналған каропкалар жасау, плакат түрінде салу, сабаққа пайдалану.

Табиғи немесе пәндік көрнекі құралдар. Жасанды немесе бейнелеу көрнекі құралдар. Өсімдіктердің гербариін жасау. Дәндердің коллекцияларын жасау. Ылғалды және құрғақ преператтар жасау. Компас модельін жасау. Термометрдің модельдерін жасау. Муляждарды жасау. Аппликацияларды жасау. Кеспелер мен дидактикалық сызбанұсқаларды жасау әдістемесі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дүниетану сабағындағы көрнекіліктерді жасау. Сабақ кезіндегі көрнекіліктердің әдістемелік мақсатын жетілдіру мақсаты көзделеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Жамансариева Л.

8а.Пәннің атауы: Музыкалық аспап (домбыра, баян, пианино)

Пререквизиттер: «Музыка теориясының негіздері», «Музыкалық аспап». Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп әндерін оқып үйрену. Музыка сауатын тыңдау. Кафедра бойынша жүргізілетін музыкалық аспаптың ән сабақтарын сүйемелдеуге, әнді нақышына келтіре айтуға көмектеседі. Мектеп ішілік іс шара, тәрбие сағаттарында музыкалық аспап пен әндерді сүйемелдеу қарастырылады.

Постреквизиттер: Музыкалық аспапты игеру. Балаларға арналған әндерді нотамен ойнай білуге үйрену. Музыка теориясының элементар теорияларын меңгеріп шығу. Нота жазуын оқи білу. Бір аспапта толық меңгеріп шығу.

Бұл пән әрбір студенттің қалауы бойынша пианино, баян аспаптарын оқытуға бөлінген. Студент осы үшеуінің бірінде тереңірек білім алады. Қажетті оқу материалдарын, практикалық жаттығулар, әндер, күйлер (орындайды) меңгереді. Музыкалық аспапта көбінесе мектеп әндерін үйретуге көп көңіл бөлінеді. Сабақта аспапқа отыру қалпын сақтаудан бастап саусақтардың қалай қойылуы, аспаптағы ноталар орналасуы тегіс меңгеріледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Нота сауатын игеру арқылы музыкалық аспапқа саусақ қолымен, ойнау техникасын игеру. Музыкалық нота жазуларын аспапта өздігінен орындай білу.

Бағдарламаның жетекшілері: Ак.доц.Сексенбаева З, Ак.доц.Сералиев А.., Оқыт.Әбдіразақов Қ.

8б.Пәннің атауы: Сүйемелдеу класы (домбыра, баян, пианино)

Пререквизиттер: «Музыка теориясының негіздері», «Музыкалық аспап». Мектеп әндерін теориялық негізде талдау жасау. Нота сауатын меңгеру. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп әндер репертуарларына музыкалық талдау және сольфеджиолау бағытында қабілетін көтеруге негіздейді. Сүйемелдеу класы бойынша мектеп әндерін домбыра, баян, фортепиано аспаптарында сүйемелдеу қарастырылады.

Постреквизиттер: Мектеп әндерін нотамен аспапта орындап, оқушыларды өзіне тарта білу. Студенттердің нота сауатын арттырады. Бір музыкалық аспапты толық меңгеріп шығады.

Сүйемелдеу класының негізгі мақсаты мектеп әндерін домбыра, баян пианино аспаптарының бірінде жете меңгеріп ойнау. Кез келген мектеп әндерін нотасымен тез арада ойнап кетуге үйрету. Ол ұзақ процесті қамтыған жаттығулардан соң іске асатын процесс. Пәннің жоспарына мектептің музыка оқулығының 1,2,3,4 сыныпқа арналған әндерін алуға болады. Сабақ оқытушының бақылауымен тексеріліп отырылуы тиіс.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бастауыш мектеп әндерін музыкалық аспапта ойнай білу. Әнді қосылып айта білу. Студенттің қалауы бойынша (домбыра, баян, пианино) аспаптарының бірін меңгеру.

Бағдарламаның жетекшілері: Ак.доц.Сексенбаева З., Ак.доц.Сералиев А., Оқыт.Әбдіразақов Қ.


2 курс



Циклы

ТК №



Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК2201

а) Бастауыш сыныпта мәтін есептермен жұмыс жүргізу әдістемесі

б) Қызықты математика

Есенбаев Т.

3

3

2

КП

ТК2301

а) Музыкалық аспап (домбыра, баян, пианино)

б) Сүйемелдеу класы

Сексенбаева З.

Қарапаев С.

Сералиев А.

Әбдіразақов Қ.

3

4


1а.Пәннің атауы: Бастауыш сыныпта мәтін есептермен жұмыс жүргізу әдістемесі

Пререквизиттер: Мәтінді есептер мектепте оқытылған математика пәндері негізінде оқытылады. Бастауыш курс математикасындағы мәтіндік есептерді оқытудағы білімді, теңдеулерді, теңсіздіктерді салудағы амалдар қолдану ерекшеліктерін меңгерту.

Постреквизиттер: Мәтінді есептерді оқыту әдістемесі курсы математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәнімен тығыз байланысты.

Мәтінді есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды ролі. Есепті шешу процесі және оның кезеңдері. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бұл пән 050102- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін мәтінді есептер түрлерімен таңдауға бастауыш сыныптағы математика оқушыларға есептерді талдап, өз бетінше тереңдете және кеңейте түсу бағытындағы білімдер беріледі.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

1б.Пәннің атауы: Қызықты математика

Пререквизиттер: Қызықты математика бастауыш мектептерде жүргізілетін математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар басшылыққа алынады. Есептер шығарудың алгоритмдерін фокустер, жұмбақтар, ребустар және оларды пайдалану жолдарын қарастырады. Математикалық есептерді шығаруда логикалық және ойындар пайдалану ерекшеліктері басты назарға алынады.

Постреквизиттер: Қызықты математика курсы бойынша, студент бастауыш сыныптарда математикалық кештер, математикалық бұрыштар, олимпиадалар, конкурстар жүргізу технологиясымен үйренеді.

Логикалық және жұмбақ есептерді шығару технологиясын үйренеді. Халық есептерінің түрлерімен танысып, шығару технологияларымен танысады. Математикалық фокустардың түрлері және оны пайдалану технологиясын үйренеді. Топологиялық есептермен танысады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қызықты математика курсы. Математикалық білімін, дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі математикалық викториналар, сөзжұмбақтар және фокустар жүргізу технологияларынан тұрады.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.


2а.Пәннің атауы: Музыкалық аспап (домбыра, баян, пианино)

Пререквизиттер: «Музыка теориясының негіздері», «Музыкалық аспап». Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп әндерін оқып үйрену. Музыка сауатын тыңдау. Кафедра бойынша жүргізілетін музыкалық аспаптың ән сабақтарын сүйемелдеуге, әнді нақышына келтіре айтуға көмектеседі. Мектеп ішілік іс шара, тәрбие сағаттарында музыкалық аспап пен әндерді сүйемелдеу қарастырылады.

Постреквизиттер: Музыкалық аспапты игеру. Балаларға арналған әндерді нотамен ойнай білуге үйрену. Музыка теориясының элементар теорияларын меңгеріп шығу. Нота жазуын оқи білу. Бір аспапта толық меңгеріп шығу.

Бұл пән әрбір студенттің қалауы бойынша пианино, баян аспаптарын оқытуға бөлінген. Студент осы үшеуінің бірінде тереңірек білім алады. Қажетті оқу материалдарын, практикалық жаттығулар, әндер, күйлер (орындайды) меңгереді. Музыкалық аспапта көбінесе мектеп әндерін үйретуге көп көңіл бөлінеді. Сабақта аспапқа отыру қалпын сақтаудан бастап саусақтардың қалай қойылуы, аспаптағы ноталар орналасуы тегіс меңгеріледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Нота сауатын игеру арқылы музыкалық аспапқа саусақ қолымен, ойнау техникасын игеру. Музыкалық нота жазуларын аспапта өздігінен орындай білу.

Бағдарламаның жетекшілері: Ак.доц.Сексенбаева З., Ак.доц.Сералиев А., Оқыт.Әбдіразақов Қ.

2б.Пәннің атауы: Сүйемелдеу класы (домбыра, баян, пианино)

Пререквизиттер: «Музыка теориясының негіздері», «Музыкалық аспап». Мектеп әндерін теориялық негізде талдау жасау. Нота сауатын меңгеру. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп әндер репертуарларына музыкалық талдау және сольфеджиолау бағытында қабілетін көтеруге негіздейді. Сүйемелдеу класы бойынша мектеп әндерін домбыра, баян, фортепиано аспаптарында сүйемелдеу қарастырылады.

Постреквизиттер: Мектеп әндерін нотамен аспапта орындап, оқушыларды өзіне тарта білу. Студенттердің нота сауатын арттырады. Бір музыкалық аспапты толық меңгеріп шығады.

Сүйемелдеу класының негізгі мақсаты мектеп әндерін домбыра, баян пианино аспаптарының бірінде жете меңгеріп ойнау. Кез келген мектеп әндерін нотасымен тез арада ойнап кетуге үйрету. Ол ұзақ процесті қамтыған жаттығулардан соң іске асатын процесс. Пәннің жоспарына мектептің музыка оқулығының 1,2,3,4 сыныпқа арналған әндерін алуға болады. Сабақ оқытушының бақылауымен тексеріліп отырылуы тиіс.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бастауыш мектеп әндерін музыкалық аспапта ойнай білу. Әнді қосылып айта білу. Студенттің қалауы бойынша (домбыра, баян, пианино) аспаптарының бірін меңгеру.

Бағдарламаның жетекшілері: Ак.доц.Сексенбаева З., Ак.доц.Сералиев А., Оқыт.Әбдіразақов Қ.


2 курс (жеделдетілген)



Циклы

ТК №



Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК2103

а) Сауат ашу, тіл дамыту

б) Тіл ұстарту

Әбуова А.

3

3

2




ТК2104

а) Шағын комплектілі мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесі

б) Бастауыш мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Тоқмырзаева Г.Е.

3

3

3




ТК2105

а) Бастауыш сыныпта мәтін есептермен жұмыс жүргізу әдістемесі

б) Қызықты математика

Есенбаев Т.

3

3

4




ТЖ2106

а) Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі

б) Көркем жазуға үйрету әдістемесі

Абуова А

3

4


1а.Пәннің атауы: Сауат ашу және тіл дамыту

Пререквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі», «Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәндерінің негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары кәсіптік білімнің құрамдасы ретінде әліппені оқытудан әдістемелік білім, білік дағды беру мақсатында жүргізіледі.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Поиск по сайту:



База данных защищена авторским правом ©dogend.ru 2014
При копировании материала укажите ссылку
обратиться к администрации
Уроки, справочники, рефераты